Құпиялылық саясаты

Осы Құпиялылық саясаты atasuai платформасында өз тауары бар креаторы ретінде (оффлайн дүкен иелері, өндірушілер, блогерлер және инфлюенсерлер) тіркеліп, тауарларды орналастыратын және сатуды жүзеге асыратын тұлғалардың дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және қорғау тәртібін айқындайды.
1
.  Жалпы ережелер

atasuai платформасында креатор ретінде тіркелу, тауарларды жариялау, тапсырыстарды қабылдау немесе платформаны пайдалануды жалғастыру арқылы  Креатор осы Құпиялылық саясатының талаптарымен толық әрі сөзсіз келісетінін растайды.

atasuai креаторының дербес деректерін Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және өзге де қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өңдейді.

2
.  Жеке деректерді өңдеу

atasuai креаторға қатысты келесі дербес деректерді өңдеуі мүмкін: жеке тұлға немесе заңды тұлға туралы тіркеу деректері (аты-жөні немесе атауы, ЖСН/БСН), заңды және нақты мекенжайы, жауапты тұлғалардың деректері, байланыс деректері (телефон нөмірі, электрондық пошта), тауарлар туралы ақпарат, сәйкестік сертификаттары мен өзге рұқсат құжаттары, тапсырыстарға, төлемдерге, қайтарымдарға және дауларға қатысты мәліметтер, сондай-ақ платформадағы әрекеттер тарихы және техникалық деректер (IP-мекенжай, құрылғы түрі, операциялық жүйе, браузер деректері, cookies).

atasuai креатордың банк картасының деректерін тікелей жинамайды және сақтамайды. Креаторға тиесілі ақшалай қаражат atasuai платформасындағы ішкі балансқа есептеледі және креатордың бастамасы бойынша уәкілетті төлем провайдерлерінің интерфейстері арқылы таңдалған төлем тәсіліне сәйкес аударылады.

Креатордың бес деректері креаторды платформада тіркеу және сәйкестендіру, сатып алу-сату операцияларын ұйымдастыру, тапсырыстарды өңдеу, төлемдерді есепке алу және аудару, бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, тауарлардың заңдылығы мен сәйкестігін тексеру, платформаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды орындау мақсатында өңделеді.

atasuai креатордың дербес деректерін үшінші тұлғаларға бермейді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ төлемдерді өңдеу, жеткізуді ұйымдастыру және техникалық қызмет көрсету мақсатында төлем провайдерлеріне, логистикалық және IT-серіктестерге беру қажеттілігі туындаған кезде. Мұндай деректер тек қажетті көлемде және тиісті қорғау шараларын сақтай отырып беріледі.

3
.  Креаторлардың құқықтары және деректерді қорғау

Креатор өз дербес деректері туралы ақпарат алуға, оларды жаңартуға немесе түзетуге құқылы. Креатор дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кез келген уақытта қайтарып алуға құқылы, алайда бұл atasuai платформасындағы аккаунттың жабылуына және креаторға қызмет көрсетудің тоқтатылуына әкелуі мүмкін.

atasuai креаторлардың дербес деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден, жоғалтудан, өзгертілуден немесе жария етілуден қорғау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолданады. Дербес деректерге қолжетімділік тек қызметтік қажеттілік шеңберінде уәкілетті тұлғаларға ғана беріледі.

Креаторлардың дербес деректері платформа қызметін көрсету үшін қажетті мерзім ішінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік, салықтық және өзге де міндетті сақтау мерзімдері шегінде сақталады.

atasuai осы Құпиялылық саясатын біржақты тәртіппен өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Құжаттың жаңа нұсқасы atasuai сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді, ал креатор оның өзекті нұсқасымен өз бетінше танысып отыруға міндетті.