Жармақ креатор үшін төлем құралы болып табылмайды және креатор тарапынан қолма-қол ақшаға айырбасталмайды. Жармақ тек atasuai платформасының ішкі функционалы шеңберінде қолданушыларға ұсынылатын ішінара төлем мүмкіндігі ретінде пайдаланылады.

Креатор әрбір тауар бойынша Жармақ арқылы төлеуге рұқсат етілетін үлесті өз бетінше белгілейді. Аталған үлес 0%, 3%, 5% немесе 7% мөлшерінде айқындалады және тауар карточкасында көрсетіледі.
Креатор 0% мөлшерін белгілеген жағдайда, тиісті тауар үшін Жармақ пайдалану мүмкіндігі берілмейді. 3%, 5% немесе 7% мөлшер белгіленген жағдайда, қолданушы тауар құнының тиісті бөлігін Жармақ арқылы төлеуге құқылы.
Жармақ арқылы төленген сома креаторға ақшалай түрде өтелмейді және креатордың пайдасына аударылмайды. Креаторға аударылатын төлемдер тек қолданушы тарапынан ақшалай төленген сома негізінде жүзеге асырылады.
Жармақ қолдану нәтижесінде туындайтын ішкі есеп айырысулар atasuai платформасының ішкі ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
atasuai креатор белгілеген Жармақ пайдалану шарттарына, сондай-ақ Жармақ қолдануға байланысты креатордың коммерциялық шешімдеріне жауапты болмайды.
atasuai Жармақ жүйесінің қолданылу тәртібін, мөлшерлерін және шарттарын біржақты тәртіппен өзгертуге немесе жүйені толықтай тоқтатуға құқылы.