Көмек орталығы
Ұпай жүйесі
Ұпай жүйесі
Бонустарды жинау және пайдалану, жармақ (Atasuai қосымшасындағы виртуалды валюта)
Бонустар Atasuai платформасына қосылған онлайн және офлайн дүкендерде сатып алу кезінде автоматты түрде есептеледі. Бонус мөлшері нақты дүкен бойынша белгіленген пайыздық мөлшерлемеге сәйкес анықталады.
Жармақ — Atasuai қосымшасындағы ішкі валюта. Оны күнделікті белсенділік, қосымшаға күн сайын кіру және достарды шақыру арқылы жинауға болады.
Қосымшада Жармақ бөлімінде күн сайын «Күнделікті сыйлықты алу» батырмасын басу арқылы жармақ жиналады. Күн қатарынан кірген сайын сыйақы көлемі арта береді. Сонымен қатар, Atasuai-ға жаңа қолданушыларды шақырғаны үшін де жармақ беріледі.
Иә. Әр жиналған жармақтың жарамдылық мерзімі болады. Жарамдылық мерзімі аяқталған жармақ автоматты түрде жойылады, сондықтан оларды уақытында пайдалану ұсынылады.
Иә. Егер офлайн дүкен Atasuai POS жүйесін қолданса, сатып алушы бонус жинай алады.
Жоқ. Бонус беру - міндетті емес. Кәсіпкер бонус жүйесін тек таңдаулы тауарларға немесе белгілі бір дүкен/филиалға ғана қоса алады.
Жиналған бонустар клиенттің Atasuai қосымшасындағы бонус бөлімінде көрсетіледі.
Иә. Кәсіпкер seller.atasuai.com сайтында филиал бойынша бонус пайызын өздігінен баптай алады.
Бұл - қолданушының белсенділік деңгейін көрсететін мәртебелер. Жармақ көп жиналған сайын деңгей жоғарылайды: Қола → Күміс → Алтын → Платина.
Қосымшада пайдаланушылардың жалпы рейтингі және достар арасындағы рейтингі көрсетіледі. Рейтинг қолданушы жинаған жармақтардың жалпы санына қарай автоматты түрде есептеледі және үнемі жаңартылып отырады.
Ұпай жүйесі — Atasuai платформасындағы мотивациялық құрал. Клиенттер сауда жасағаны және акцияларға қатысқаны үшін ұпай жинайды (соның ішінде Jarmaq лоялдылық ұпайлары), кейін оларды тауарларға жеңілдік алуға қолдана алады.
Қолдау қызметі
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?
AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз