Дүкен басқару
Тауар қосу, қойма басқару, Atasuai Marketпен серіктестік
- seller.atasuai.com сайтында телефон нөмірі арқылы тіркеліңіз.
- Тіркелгеннен кейін ашылатын өтінім формасын толтырыңыз.
- Atasuai менеджері сізбен байланысып, платформаны пайдалануға қолжетімділік береді.
- Қолжетімділік берілген соң сайтқа қайта кіріп, сол жақ мәзірдегі «Компания» бөліміне өтіп, «Жаңадан қосу» батырмасы арқылы компанияны (БИН/ИИН, атау, мекенжай, банк деректері) толтырып қоса аласыз.
Seller.atasuai.com сайтында «Компания» → «Интернет дүкен» бөліміне өтіп, «Жаңадан қосу» батырмасын басыңыз. Онлайн дүкен атауын енгізіп, домен түрін (субдомен немесе өз доменіңіз) таңдаңыз. Одан кейін сату форматын таңдаңыз: өз тауарларыңызды сату немесе Atasuai Market-тегі дайын тауарларды сату.
Тауарды жүйеге қосу үшін seller.atasuai.com сайтында сол жақ мәзірден «Тауар басқару» → «Тауар тізімі» бөліміне өтіп, жоғарғы оң жақтағы «Тауар қосу» батырмасын басыңыз. Бұл жерде тауар екі тәсілмен қосылады: «Бар тауарды қосу» — егер тауар Atasuai базасында бұрыннан бар болса, оның дайын фото-сы мен сипаттамасы автоматты түрде алынады, сіз тек өз бағаңызды және қажет болса SKU енгізесіз; «Жаңа тауар қосу» — егер тауар базаға енгізілмеген болса, категорияны таңдап, барлық ақпаратты (фото, сипаттама, баға, қойма қалдығы және т.б.) өзіңіз толтырасыз.
Әлі де сұрақтарыңыз бар ма?
AI көмекшімен сөйлесіп жауап алыңыз